Бесінші KiaGO автожорығы: Маңғыстау
10-14 мамырда «KiaGO: Қазақстанды ашу» топтамасының бесінші автожорығы өтті! Блогерлер мен журналистер тобы Kia автокөліктерімен күрделі бағытты бетке алып, Маңғыстау облысының таңғажайып сұлулығы мен көрікті жерлеріне тәнті болды.
Маңғыстау облысы Қазақстанның ең әсем өңірлерінің бірі болып табылады. Маңғыстаудың табиғат берген көрікті жерлері тіпті, талғампаз саяхатшыларды да өзінің керемет сұлулығымен жаулай алды. Боқты тауы, Бозжыра шатқалы, Қарақия ойпаты, Шерқала тауы, Айрақты бекініс алқаптары, Торыш алқабы, Шақпақ Ата жерасты мешіті, Қапамсай борлы шатқалы... Естен кетпейтін осындай жерлердің бәрін KiaGO қатысушылары үш күннің ішінде аралады, жалпы 1200 шақырым жол жүрді.
ҚР Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автожорықтың мақсаты – Республикада автотуризмді дамыту, туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Табиғатқа ұқыпты қарауды естен шығармай, өз елінің қайталанбас сұлулығын ерекше қырынан қарай алатын қазақстандықтардың санын арттыру.
Ақтаудан басталып, Ақтаумен аяқталған жорықтың бағыты жақсы асфальттан талқаны шыққан асфальт пен қара жолға дейінгі әртүрлі жол жабындарын қамтыды. Қатысушылар әр модельдің сипатын сезіне отырып, Kia автокөліктерін толық сыннан өткізді. Жеті автокөліктен тұратын тізбекке жаңартылған Soul компакт-кроссовері, Sportage және Sorento кроссоверлері, сондай-ақ Carnival кроссвэні қамтылды. Осылайша Қазақстанда автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Жорықтың белгілі бір аралығында жаңа Kia EV6 электр кроссоверінің пайда болуы қатысушылар үшін тосынсый болды.
Автожорықты ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалық ашуға, серпіліс жасауға және қаланың қарбаласынан демалып, табиғаттан ләззат алуға көмектеседі. Бұл шабыт беретін қозғалыс – Movement that inspires.
KiaGO автожорығы: Маңғыстауды Rixos Water World Aktau, Kazakh Tourism, Mangystau Tourism және Litro серіктестері қолдады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жс 08:30-18:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 08:30-18:00
Сб 08:30-13:00
Жс Демалыс
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Kol Auto ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»