2025 жылы 18 ақпан күні Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін, Kia брендінің Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan компаниясы және Алматы автомобиль және сән индустриясы колледжі әрі қарай Allur компаниясына жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілетін жас мамандарды даярлау мақсатында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Жаңа ынтымақтастық аясында 18-21 ақпан аралығында «Базалық курс және автокөлік құрылымы» тақырыбында «Табыс векторы» дәріс курсы өтті. Allur Motor Qazaqstan компаниясының техникалық қолдау көрсету жаттықтырушысы Алексей Сиволапов «Автомобиль жасау негіздері», «Бензин қозғалтқыштары», «Трансмиссия және шасси», «Диагностика негіздері» бөлімдері бойынша «Радиоэлектрондық көлік жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша колледждің 3 және 4 курс оқушыларының тобына дәріс өткізді.
Жоба тек теориялық қана емес, сонымен қатар «Агрегатпен жұмыс» (қозғалтқыш, трансмиссия және шасси бойынша) және «Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету» тақырыптарындағы практикалық сабақтарды қамтыды, сондай-ақ Allur Auto Almaty дилерлік орталығының құрылымымен және жұмысымен танысу үшін экскурсия өткізілді.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жс 08:30-18:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 08:30-18:00
Сб 08:30-13:00
Жс Демалыс
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Kol Auto ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2025 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»