«Жолда көмек көрсету» қызметінің нөмірі
Тәулік бойы Call Center
Kia "Жолда көмек көрсету" техникалық көмек қызметі сізге жылына 365 күн, аптасына 7 күн және тәулігіне 24 сағат көмекке келуге дайын.
Біз сізге және автокөлігіңізге тегін қамқорлық жасаймыз, 01.07.2022 ж. бастап ресми дилерлік орталықтардан сатып алынған барлық Kia автокөліктеріне Allure Kömek көмек көрсету бағдарламасын ұсынамыз.
Жолдағы қауіпсіздік және сенімділік
Сервистің жоғары деңгейі
Тәулік бойы қолдау
Бірінші күннен бастап автокөлікті 100% қолдау
Жеделдік және мобильділік
Allur Kömek адалдық бағдарламасы LiTRO серіктесімен бірге сізге тәулік бойы жолда техникалық қолдау көрсетеді. Қызметтер Қазақстан Республикасының әрбір қаласында көрсетіледі.
•Карта 1 жылға жарамды
• Карта https://allur.kz/litro/ сайтына тіркелгеннен кейін 24 сағат өткен соң іске қосылады
• Жолда көмек көрсетудің жұмыс тәртібі - тәулік бойы
• Бір жыл ішінде карта бойынша барлық қызметтер қалалардың әкімшілік шекаралары + 50 км шегінде тегін және шексіз ұсынылады*
• Allur жолда көмек көрсету картасына ең танымал 11 қызмет кіреді (тізім кестеде көрсетілген)
• Қызметке тапсырыс беру үшін клиент 5070 нөмірі бойынша тәулік бойғы Call Center-ге қоңырау шалуы қажет (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)
• Клиентті сәйкестендіру келесілердің бірі арқылы жүзеге асырылады:
- Телефон нөмірі
- Картаның сериялық нөмірі
- Көліктің VIN коды
- Клиенттің аты-жөні
• Карта бойынша ұсынылатын қызметтер қосымшада көрсетілген бір автокөлікке ғана бекітілген
• Жолда көмек көрсету машинасының келу уақыты қызмет көрсетуге өтінім қабылданған сәттен бастап 30 минуттан аспайды
* Қалалардың әкімшілік шекарасынан 50 километрден асатын қашықтықта қызмет көрсету қажет болған жағдайда
Сервис ақылы негізде Автоклуб шарттарына сәйкес қызмет көрсетуді ұсынуға құқылы
- қызмет үшін әр километрге 150 (бір жүз елу) теңге;
- Эвакуатордың қызметі үшін әр километрге 400 (төрт жүз) теңге.
• ЖКО кезінде автокөлікті эвакуациялау
• Сынған жағдайда автокөлікті эвакуациялау
• Автокөлікті эвакуациялау кезінде трансфер
• Аккумулятор заряды таусылған кезде қозғалтқышты іске қосу
• Дөңгелекті ауыстыру
• Дөңгелекті үрлеу
• Көлікті жылыту
• Құлыптарды жылыту
• Чек бойынша отын жеткізу*
• Телефон арқылы техникалық кеңес беру
• Заңгер кеңесі
* Отынды тасымалдау тегін жүзеге асырылады, отын құны чек бойынша төленеді