Kia
шабыттанудың жаңаша қыры
Жүргізу режимін таңдау жүйесі (Drive Mode Select)
Мультимедиялық дисплей 10,25"
10,25" цифрлық аспаптар панелі
Kia Seltos-тың жаңартылған экстерьері – болашаққа бағыттаушы. Кроссовердің шанағы талғампаздыққа ие болды, автокөліктің артқы бөлігінің дизайны өзгеріп, оптикасы жаңартылғаннан кейін сәнді пішіндерге ие болды. Озық технологиялармен жабдықталған жаңа Kia Seltos жолда жайлылық пен сенімділік күйіне бөлейді.
Әсерлі радиатор торы, алдыңғы және артқы шамдардың бірегей графикасы дөңгелек дискілерінің футуристік дизайнымен үйлесім тауып, жаңа Kia Seltos-тың жолда бірден көзге түсуіне мүмкіндік береді.
Әр сызықта стиль мен үйлесімділік біріккен.
«Жұлдызды карта» күндізгі жүріс шамдарының жаңа фирмалық графикасы Kia Seltos-ты айқындап, танымал етеді.
«Жолбарыстың күлкісі» стиліндегі радиатор торының жаңа суреті алдыңғы оптикамен керемет үйлескен, ол Kia Seltos-тың футуристік дизайнын ерекше көрсетеді.
Жаңа футуристік дизайн мен артқы шамдардың фирмалық графикасы стильдің алдыңғы бөлігімен үйлесімін көрсетеді.
Тігінен орналасқан тұманға қарсы фаралар күндізгі жүріс жарығының жаңа графикасымен үйлесіп, алдыңғы бөліктің толық, біртұтас бейнесін жасайды.
Көлденең дизайн элементтері салонды визуалды түрде кеңейтеді. Дисплейлер мен басқару элементтері айқын көрінеді және жүргізушіге оңай қолжетімді. Сымсыз қуат беру және ұялы құрылғыларды қолдайтын аудиожүйе жолға алаңдамай байланыста болуға мүмкіндік береді.
Жаңа Kia Seltos жабдықталған технологиялар ыңғайлылық пен шабыт үшін жасалған. Басқару элементтері жүргізуші үшін барынша тиімді әрі жайлы орналасқан.
«Панорамалық» дисплей заманауи жоғары технологиялық салонның бейнесін толықтырады.
10,25" цифрлық аспаптар панелі жылдамдықты және автокөліктің әртүрлі жүйесінің жұмысы туралы ақпаратты көрсетеді
Жылдамдық, жүріс қоры туралы ақпаратты, круизді бақылау және Drive Wise көмекшілері туралы деректерді таратады.
Салонға ауа кіргізу немесе жолаушыларға ашық ауадан ләззат алуға мүмкіндік беру үшін оны сәл көтеріңіз немесе сырғытыңыз.
Жүк салғыш бөлігінің есігі Smart Key кілтімен автоматты түрде немесе қолмен ашылып-жабылады.
Бір рет аздап басу арқылы қосылады.
Жаңа Kia Seltos технологияның өмірде бізге қалай көмектесетінін көрсетеді. Kia инженерлері автокөліктің сізді жаңа идеялар мен жетістіктерге шабыттандыруы және күнделікті істерде сенімді көмекші болуы үшін бәрін жасады.
Далада ауа райы қандай болса да, жайлы сапардан ләззат алыңыз. Алдыңғы орындықтарды желдету мен жылытудың қажетті деңгейін өзіңіз реттей аласыз.
Белгіленген температура мен ауа беру жылдамдығын сақтайды.
Суық мезгілде рульдің жайлы температурасы сапарды жағымды ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз етеді.
Орталық консольдегі қуат беру панелі үйлесімді смартфонды сымды пайдаланбай-ақ жылдам қуат беруге мүмкіндік береді.
Спорттық әрі сәнді. Қарқынды әрі ыңғайлы. Күшті және маневрлі. Жаңа Kia Seltos-қа отырып, отбасыңызбен бірге саяхатқа шығыңыз, жоспарларыңыз бен идеяларыңызға сәйкес жүк тасымалдаңыз. Бұл кроссоверді жүргізгенде жолда драйв пен шабытты сезініңіз.
Жаңа Kia Seltos-та бірқалыпты қозғалысқа қажетті қасиеттердің ойластырылған үйлесімі бар. Кроссовер қуат пен тежеудің оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Автокөлік жүргізуші командаларына оңай жауап береді, жылдам және ыңғайлы жүруге дайын. Қандай жол болмасын, Kia Seltos-пен сенімді боласыз әрі алаңдамайсыз.
Сәнді мультимедиалық жүйе сапардың мәртебесі туралы хабарлайды және жолда көңіл көтереді
Кіріктірілген Bluetooth арқасында үйлесімді смартфонды қосып, музыка тыңдауға, қоңырау шалуға және навигацияны пайдалануға болады.
Орталық консоль заттарды сақтауға арналған қосымша зат салғыштармен және қолға ыңғайлы орынды таңдауға мүмкіндік беретін реттелетін шынтақ қойғышпен жабдықталған.
Түймешелерді жай ғана басу арқылы ыңғайлы жылдамдық режимін орнатуға, өзгертуге және өшіруге болады. Жылдамдық шектегіші автокөлікті қала жағдайында жүргізуді ыңғайлы етеді.
Руль дөңгелегіне орнатылған түймешелер аудиожүйені жолға алаңдамай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.
Осы жүйенің көмегімен қозғалтқыш кілтсіз іске қосылады, түймешені жай ғана басу керек.
Түймешені бір рет басу арқылы салонның оңтайлы температурасын таңдаңыз, сонда теңшеулерді өзгерткенше немесе жүйені өшірмейінше жүйе оны автоматты түрде сақтап тұрады.
Сыртқы жарық қосқышын Auto күйіне бұраңыз, ал жүйе алдыңғы және артқы шамдарды сыртқы жарық деңгейіне сәйкес қосады.
Picanto шанағының негізгі түйіндерінің 40%-дан астамы ыстықтай қалыпталған болат элементтерін қолдана отырып, беріктігі жоғары AHSS болаттан тұрады. Бұл соққы кезінде шанақтың беріктігін және бұралу қаттылығын едәуір арттырды, салон қорғанысы мен автокөліктің басқарылуын жақсартты.
Жүргізуші мен жолаушыларды қорғау үшін, соқтығысу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін жаңа Picanto-да алдыңғы қауіпсіздік жастықшалары, сондай-ақ бүйірлік жастықшалар мен қауіпсіздік перделері көзделген.
Артқы тұрақ берілгілері басқа көлікке немесе кедергіге жақындағаныңызды ескертеді, бұл артқы жүріспен тұраққа қоюды едәуір жеңілдетеді.
Биікке көтерілу кезінде HAC жүйесі қауіпті кері кетудің алдын алады. Тежегіш педальды босатқан кезде жүйе автокөлікті қозғалыссыз ұстайды, бұл акселератор педалін басуға уақыт береді.
ESC жүйесі бұрылыстарда автокөліктің тұрақтылығын оңтайлы тежеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Ол айналу сәті мен жол жағдайына байланысты дөңгелектердің арасындағы тежеу күшін автоматты түрде қайта бөледі.
ABS жүйесі қозғалыс бағытын сақтай отырып, барынша тежеу тиімділігін қамтамасыз етеді.
Бүйірлік қаттылықты және әр дөңгелектің радиусын үнемі өлшей отырып, TPMS жүйесі аспаптық панельдегі индикатор арқылы шиналардағы қысымның төмендегенін ескертеді.
Қызыл түсті тігіс орындықтарды, руль дөңгелегінің әрлеуін және жабынын безендіреді, бұл автокөлікке спорттық сипат береді.
Жарығы бар дизайнерлік есік кіріктірмелері салонға атмосфера қосады және оны әсерлі етеді.
Аспап панелінің жалпы дизайнына мінсіз кіріктірілген, үлкен экраны бар мультимедиа жүйесі сізді қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етеді, ал нақты навигация оңтайлы бағыт жасайды.