Иелері
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
#KiaGO
>
KiaGO: Ortalyq
04 тамыз 2023

KiaGO: Ortalyq

Алтыншы KiaGO автожорығы: Орталық Қазақстан

26-28 шілдеде «KiaGO: Қазақстанды ашу» топтамасының алтыншы автожорығы өтті! Блогерлер мен журналистер тобы Kia автокөліктерімен әсерлі бағытты бетке алып, Қарағанды облысының таңғажайып сұлулығы мен көрікті жерлеріне тәнті болды.

Қарқаралы ұлттық паркі, Шайтанкөл, Қызыларай тау сілемі, Әулие үңгірі, Балқаш көлі... KiaGO қатысушылары осы ұмытылмас жерлердің бәрін үш күннің ішінде аралап, Қарағанды облысы бойынша шамамен 1100 шақырым жол жүріп өтті.

ҚР Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автожорықтың мақсаты – Республикада автотуризмді дамыту, туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Табиғатқа ұқыпты қарауды естен шығармай, өз елінің қайталанбас сұлулығын ерекше қырынан қарай алатын қазақстандықтардың санын арттыру.

Қарағандыдан басталып, Қарағандымен аяқталған жорықтың бағыты жақсы асфальттан талқаны шыққан асфальт пен қара жолға дейінгі әртүрлі жол жабындарын қамтыды.  Қатысушылар әр модельдің сипатын сезіне отырып, Kia автокөліктерін толық сыннан өткізді. Жеті автокөліктен тұратын тізбекке Soul компакт-кроссовері, Sportage және Sorento кроссоверлері, сондай-ақ Carnival кроссвэні қамтылды. Осылайша Қазақстанда автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы да бір рет дәлелдеді.

Автожорықтың ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалық ашуға, серпіліс жасауға және қаланың қарбаласынан демалып, табиғаттан ләззат алуға көмектеседі. Бұл шабыт беретін қозғалыс – Movement that inspires.

KiaGO автожорығы: Ortalyq Cosmonaut Hotel, Litro, Kazakh Tourism секілді серіктестер,  сондай-ақ Allur Almaty, Bahus және Terra Motors дилерлік орталықтары қолдады.